16 мамыр 2019 10:58

Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасарымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Қытайдың Коммунистік партиясының Орталық комитетінің Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің премьерінің Орынбасары Хань Чжэнмен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сатйына сілтеме жасап. 


Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Қытайдың Коммунистік партиясының Орталық комитетінің Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің премьерінің Орынбасары Хань Чжэнмен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сатйына сілтеме жасап. 

Кездесуде екіжақты экономикалық қарыс-қатынастарды дамытудың, шекара маңы ынтымақтастығын, оның ішінде "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын дамыту арқылы да тереңдетудің өзекті мәселелері талқыланды.

"Нұрлы Жол" экономикалық саясатын және "Белдеу және жол" стратегиясын қосарлау аясындағы индустриялық-инновациялық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. Барлығы жалпы сомасы 27 миллиард долларға 55 қазақстандық-қытайлық жоба іске асырылатын болады. 2015 жылдан 2018 жыл аралығында 3,8 миллиард доллар сомасына 12 жоба пайдалануға берілді, биыл 310 миллион долларға 5 жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың ішінде күн электр станцияларының, ГЭС, заманауи ет комбинаты кешенінің құрылысы бар. 5,5 миллиард доллар сомасына 11 жоба жүзеге асырылу үстінде. 18,1 миллиард доллар сомасына қалған жобалар бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, жобаларды іске асыру 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі ілгерлету үшін тараптар бүгін Алматы қаласында екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 400-ден астам өкілдерінің, оның ішінде Сычуань және Шэньси қытай провинцияларының, Гуанси-Чжуан, Шыңжаң-Ұйғыр автономды аудандарының басшыларының қатысуымен өтіп жатқан ІІ ҚР - ҚХР аймақаралық ынтымақтастық форумының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Асқар Мамин қытай делегациясының алдағы XII Астана экономикалық форумына қатысуы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға зор қарқын беретінін айтты.

Келіссөздер барысында ҚР Үкіметінің басшысы көлік-логистикалық компетенциялар мен транзиттік дәліздерді, энергетиканы, өнеркәсіпті, агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы өзара іс-қимылды күшейтудің, әсіресе, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтудың қажеттігін атап өтті.

"Қытай - Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесі, - деді Асқар Мамин. 2018 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 11,1 пайызға ұлғайып, $11,7 миллиард көрсеткішіне жетті. Биылғы екі айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық көлемі $2 миллиард құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 12,1 пайызға жоғары. - Біз осындай оң қарқынның сақталуына мүдделіміз". 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети