Мамин маска тағу режимі бойынша тапсырма берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамин маска тағу режимі бойынша тапсырма берді

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда шектеу шаралары мен маска тағу режимін сақтау бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда шектеу шаралары мен маска тағу режимін сақтау бойынша тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вакцинация пандемиядан шығудың маңызды жолы болып қала береді. Қазіргі уақытта бірінші компонентпен 5,9 миллионнан аса адам егілді, ал екінші компонентпен 4,5 миллионға жуық адам егілді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары әкімі егу жоспарының биыл тамызында орындалуын қамтамасыз етіңіз", - деді Мамин үкімет отырысында.

Премьер барлық өңірде эпиджағдайды бақылауда ұстауды тапсырды. Асқар Мамин Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларына және Қарағанды облысына ерекше назар аударды.

"Халықтың шектеу шараларын, әсіресе бетперде режимін сақтауын қамтамасыз ету қажет. Ол үшін мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру қажет, тәртіпбұзушылар жауапкершілікке тартылуы тиіс", - деп толықтырды Асқар Мамин.

Оның айтуынша, Ashyq жүйесіне қатысатын кәсіпкерлік субъектілері саны артып келеді.

"Олардың саны 5 есеге артты - 21 мыңнан 101 мыңға дейін. Бұл бизнеске өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, Ashyq қосымшасының қолданылу аясын одан әрі кеңейту қажет", - деп түйіндеді Асқар Мамин

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети