11 маусым 2021 | 20:15

Мамин мен ЕО елшілері "жасыл экономиканы" дамытудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанның Еуропалық Одақпен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың 7-отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанның Еуропалық Одақпен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың 7-отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет сайтындағы мәліметке қарағанда, отырыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту, ҚР-ның төмен көміртекті экономикаға көшуі, сондай-ақ декарбонизация процесіндегі ынтымақтастық әлеуеті мәселелері қаралған.

Жаңартылатын энергетиканы дамыту перспективалары туралы Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Буриан, Қазақстанда аккредиттелген Нидерланд елшісі Андре Карстенс, Германия елшісі Тило Йоханнес Клиннер, Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігінің басшысы Ховсеп Восканян, Орталық Азия аймағындағы Eni компаниясының басшысы Лучано Васкес, Total Eren бас директоры Тьерри Плезант баяндама жасады.

Қабылданып жатқан шаралар туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев баяндады.

Қазақстан экономикасын трансформациялау және энергия тиімділігін арттыру, ҚР-ның 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеу және т. б. мәселелер талқыланды.

"2020 жылғы желтоқсанда БҰҰ аясында ұйымдастырылған Климаттық амбициялар жөніндегі саммитте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсаты туралы жариялады. Біз энергия өндірісінің жалпы көлемінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру бойынша барынша күш-жігер жұмсаймыз. Мәселен, 2020 жылғы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 3 пайызға тең болды, 2022 жылы оны 6 пайызға дейін екі есеге арттыру жоспарлануда. 2030 жылға қарай Қазақстанның энергетикасындағы жасыл энергияның үлесі 15 пайызға дейін жеткізіледі", - деді Мамин.

Үкімет басшысы әзірленіп жатқан "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында қолжетімді және таза энергияны, тұрақты қалалар мен қоғамдастықтарды, жауапты тұтыну мен өндірісті қоса алғанда, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі шараларды іске асыру жоспарланып отырғанын жеткізді. 

Қазақстанда тұрақты даму міндеттерін іске асыру мақсатында жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, ол ЭЫДҰ елдерінің қағидаттары мен стандарттарына сәйкес келеді және биылғы 1 шілдеде күшіне енеді. Елімізде "жасыл экономиканы", оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамытуға, суды тиімді пайдалануға және басқа да табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға салынатын мемлекеттік және жеке инвестициялар арттырылып жатыр.

Премьер-министр Еуропалық Одақ елшілерін Қазақстанның ЕО-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу бойынша одан әрі ашық және белсенді диалогқа шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети