Бүгін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Астана әкімі Әсет Исекешев "Әбу-Даби Плаза" көпфункционалдық кешенінің құрылыс барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Нысанды аралау кезінде құрылысшылар орындалып жатқан жұмыстардың деңгейі туралы баяндап берді.
Сондай-ақ, бірнеше нысанның аяқталу мерзімдері туралы айтылды. Нақты айтқанда, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне қарсы он төрт қабатты қонақ үй кешені және сауда орталығы тапсырылады. Ал жыл соңына дейін тағы 3 ғимарат пайдалануға беріледі.
Еске салайық, "Әбу-Даби Плаза" кешені түрлі мақсаттағы блоктардан тұрады, олардың барлығы бірге көпфункционалдық биік ғимаратты құрайды. Атап айтқанда, онда кеңселер, қонақ үй, тұрғын үй кешені бар. Құрылыстың жалпы ауданы - 500 мың шаршы метрге жуық. Нысанда жұмыс істеп жатқан адам саны - 5000, соның 3347-сі - жергілікті мамандар.