14 қаңтар 2017 16:20

Мамин мен Исекешев "Әбу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана сайты © Астана сайты

Бүгін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Астана әкімі Әсет Исекешев "Әбу-Даби Плаза" көпфункционалдық кешенінің құрылыс барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Нысанды аралау кезінде құрылысшылар орындалып жатқан жұмыстардың деңгейі туралы баяндап берді. 

Сондай-ақ, бірнеше нысанның аяқталу мерзімдері туралы айтылды. Нақты айтқанда, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне қарсы он төрт қабатты қонақ үй кешені және сауда орталығы тапсырылады. Ал жыл соңына дейін тағы 3 ғимарат пайдалануға беріледі. 

Еске салайық, "Әбу-Даби Плаза" кешені түрлі мақсаттағы блоктардан тұрады, олардың барлығы бірге көпфункционалдық биік ғимаратты құрайды. Атап айтқанда, онда кеңселер, қонақ үй, тұрғын үй кешені бар. Құрылыстың жалпы ауданы - 500 мың шаршы метрге жуық. Нысанда жұмыс істеп жатқан адам саны - 5000, соның 3347-сі - жергілікті мамандар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети