Мамин Нығматулин және Жақсыбековпен түскен суретіне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамин Нығматулин және Жақсыбековпен түскен суретіне қатысты пікір білдірді

Бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин және Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділбек Жақсыбековпен бірге түскен суретіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрынғы шенеуніктердің суреті бірнеше БАҚ пен Telegram-арналарында пайда болды. Асқар Мамин сурет шын екенін және ол Нұр-Сұлтанда түсірілгенін растады.

"Расында, өткен жексенбіде (4 қыркүйек) Нұр-Сұлтандағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта жақын туыстарым ұйымдастырған қазақтың салт-дәстүріне сай ("Сырға салу") шара өтті", - деді Мамин.

"Сурет туралы кейбір БАҚ-та айтылған болжамдарды орынсыз және арандату деп санаймын. Еліміз қазір дамудың, оның ішінде саяси трансформацияның тарихи кезеңінде тұр. Осыған орай, осындай шешуші кезеңде Мемлекет басшысының төңірегіне топтасып, арандатушылар мен деструктив мақсаттағы адамдарға ешқандай мүмкіндік бермеу керек деп есептеймін", - деп түйіндеді сөзін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети