Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы жылдың қаңтар-ақпанындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және елдегі санитарлық-эпидемологиялық ахуал туралы есеп берілді.
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес соңғы екі айда экономикада тұрақты оң динамика байқалада. Өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы салалары қарқынды дамып келеді. Қызмет көрсету біртіндеп қалпына келе бастады. Ақпарат пен байланыс саласында оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Азық-түлік өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, металлургия, оның ішінде, түрлі түсті метал өндірісі мен көлік құрастыру, дәрі-дәрмек саласында тұрақты өсу байқалады.
Президентке ОПЕК+ Мониторинг комитеті отырысы қорытындылары туралы ақпарат берілді. Отырыста Қазақстан үшін мұнай өндірісін тәулігіне 20 мың баррельге дейін көбейту туралы жеке келісім жасалғаны айтылды. Бұл тау-кен секторындағы өрдіріс өсімін біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді.
Кездесуде елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай талқыланды. Премьер-Министрдің айтуынша, жағдай бақылауда: республика бойынша вирустың арту көрсеткіші 0,9 пайыз, жұқпалы ауруханалардағы төсек орын 23 пайызға, жан сақтау бөлімшелеріндегі орындар 16 пайызға толған.
Мемлекет басшысына инвестициялар тарту, тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы да баяндалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!