Мамин Тоқаевқа есеп берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, инфляциямен күрес, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде есеп берілді.

Асқар Мамин Қазақстанның экономикасы пандемия жағдайына сәтті бейімделіп, экономикалық өсімнің қарқынды дамып келе жатқанын айтты. 11 айдың қорытындысы бойынша ІЖӨ 3,8 пайызға артқан.

Президентке биылғы қаңтар-қазан айлары аралығындағы сыртқы сауда айналымының көрсеткіштері туралы мәлімет берілді. Премьер-министрдің мәліметіне сәйкес, сыртқы сауда көлемі 82,2 миллиард долларды құрады. Бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 14,1 пайыз артық. Сонымен қатар экспорттың көлемі 23,5 пайызға көбейіп, 49,1 миллиард долларға дейін жеткен. Ал өңделген тауарлардың экспорты 24,4 пайызға артқан. Сауда теңгерімі 16 миллиард долларға жеткен. 

Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру, Инфляцияға қарсы іс-қимылдың кешенді шараларын жүзеге асыру жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, соның ішінде халыққа вакцина салу жұмыстарының қарқыны туралы мәлімет берілді.

Асқар Мамин Президентке сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту ісін күшейтуге, шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыруға, өңірлерді дамытуға, өңдеу секторының өсімі есебінен экономиканың құрылымдарын одан ары әртараптандыруға бағытталған шаралардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro