Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният МӘМС-те сақтандырылмаған қазақстандықтардың көлік жүргізуіне тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният МӘМС-те сақтандырылмаған қазақстандықтардың көлік жүргізуіне тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, болашақта әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы қаржы жетпеуі мүмкін.
"Бүгінде қаржы жүйесі актуалды есептеулерге сәйкес өсіп келе жатқан шығыстарды еңсере алмағандықтан, қор өз міндеттемелерін болашақта толық орындай алмайды деген болжам бар", - деді Ажар Ғиният Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Министрдің пікірінше, жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін төмендегі қажет шарттарды ескеру қажет:
1) 2025 жылдан бастап әр азамат міндетті салықтық декларациясын тапсырады. Сол арқылы сақтандырылмаған азаматтардың табысы белгілі болады және шамамен 700 мың адам МӘМС жүйесіне енгізу көзделген;
2) Табысы төмен, ауылдарда тұратын шамамен 1,5 миллион адам бюджет қаражаты есебінен сақтандырылады. 2026 жылға қарай халықтың кемінде 95 пайызын қамту;
3) Мемлекет пен жұмыс берушілердің жарналарының мөлшерлемелерін кезең кезеңімен арттыру;
4) Бүгінде 700 мың теңгеден жоғары жалақы алатын азаматтардың МӘМС жүйесіне аударымдары шектелген. Сондықтан жұмыс берушілердің аударымдарын есептеу үшін жоғарғы шегін (10 ең төменгі жалақы) алып тастау ұсынылады;
5) Бұдан басқа сақтандырылмаған адамдарға денсаулық пен байланысты мемлекеттік қызметтерді алу кезінде шектеулер енгізу ұсынылады. Мысалы, көлік жүргізу, қару-жарақ сақтау және тағы басқалар;
6) Бюджеттік қаржыландыруды кезең-кезеңмен ұлғайту. Осы шарттарды орындағанда қордың орнықтылығы сақталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!