Қазақстанда 1-3 мамыр күндері жаңбырсыз және жылы болады, - хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Қазақстанда 1-3 мамыр күндері жаңбырсыз және жылы болады, - хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
"Ауа райы қазақстандықтардың көңілін көтереді. Мамырдағы мейрам күндері бүкіл Қазақстан аумағы жоғары атмосфералық қысымда болады және жаңбыр жаумайды деп күтілуде, - деп хабарлады "Қазгидромет" мамандары.
Жерорта теңізінен оңтүстік-батыс аумағына жылы ағын келеді. Осының әсерінен күндізгі ауа райы 20-28 градусқа дейін жылынады. Ал, оңтүстік өңірлерде күннің ысуы 30-33 градусқа дейін көтеріледі.
Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлерінің ауа-райында өзгеріс болуы мүмкін. 1-3 мамыр аралығында батыста, 2 мамыр күні солтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Бірақ, ауа райының жылылығы сақталып, температура 15-тен 20 градусқа дейін көтеріледі.