Мамырда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамырда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстанда мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, мамыр айында Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы климаттық норма шамасында болады, ал оңтүстікте климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады болады7

Сондай-ақ, мамырда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын көп жауатыны айтылады.

"Мамыр айының бірінші жартысында оңтүстік өңірлерде, ал айдың соңында солтүстік өңірлерде үсік жүрмейді. Бірақ биыл мамыр айында түнгі уақытта ауа температурасы төмендеп, солтүстік-шығыс өңірлерде, оңтүстік-шығыс аумақтардың таулы жерлерінде үсік жүруі мүмкін", -дейді синоптиктер.

Ал 3-5 мамыр аралығында еліміздің солтүстік-шығысында жауын жауып, қарға ұласуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы солтүстікте, шығыста және орталықта  ал түнде -3...+5 , күндіз +7...+12, оңтүстік-шығыста түнде +2...+10, күндіз +15...+23; ал оңтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +25...+33 градусқа дейін жоғарылайды.

Ал мамырдың екінші жартысында жауын-шашын тоқтап, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды.

Осылайша, синоптиктердің мәліметінше, мамырда орташа ауа температурасы солтүстік өңірлерде +13...+17, ал оңтүстік өңірлерде +18...+23 градусқа дейін жоғарылайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети