01 мамыр 2021 | 13:51

Мамырда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz мұрағатынан © tengrinews.kz мұрағатынан

"Қазгидромет" синоптиктері 2021 жылдың мамырына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" синоптиктері 2021 жылдың мамырына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандардың мәліметінше, мамырда жауын-шашын елдің солтүстік жартысында және елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы, тау бөктеріндегі аудандарда көбейеді. Мамырда ұзақ уақыт күн жылы болып, кейін ауа райы қайта суытуы мүмкін.

"Көпжылдық мәліметтерге сәйкес, оңтүстік аймақтарда аяз мамырдың бірінші жартысында, ал солтүстігінде - айдың соңында аяқталады. Бірақ кейбір жылдары оңтүстік аймақтарда аяз мамырдың соңында, солтүстік және шығыс аймақтарда тіпті маусымда болуы мүмкін", - дейді сарапшылар.

3 мамырдан бастап еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, температура жоғарылай береді: 

республиканың басым бөлігінде түнде +10+15 градусқа дейін, күндіз + 25 +30 градусқа дейін; еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында термометр бағандары түнде +15+20 градус, күндіз +30+38 градус белгісіне жетеді.

Тек Қазақстанның батыс жартысында Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттарға байланысты күн күркіреп жаңбыр жауады, жел күшейеді, күндіз ауа температурасының +20+28 градустан +13+18 градусқа дейін ауытқуы мүмкін.

Бірінші онкүндіктің ортасында республика аумағының кей жерлерінде екпінді желмен өткінші жаңбыр жауады. Бірінші онкүндіктің соңында батыс антициклоны келіп, Қазақстанның басым бөлігінде температураның 5-10 градусқа қысқа мерзімді төмендеуі күтіледі, солтүстік жартысында тағы да түнгі аяз 3 градусқа дейін болуы мүмкін.

"Консультативтік болжамға сәйкес, суық күндер екінші онкүндікте де болады. Елдің солтүстік жартысында ауа температурасы 5 градус аязға дейін, күндіз +10+15 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде +3+10 градусқа дейін, күндіз +12+20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде күн ыси бастайды, солтүстік өңірлерде ауа райы ыстық болады, күндіз ауа +25+33 градусқа дейін, оңтүстік жартысында +30+38 градусқа дейін жылынады", - деді синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети