Мамырда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамырда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы Фото:depositphotos.com

Синоптиктер мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Консультативтік болжамға сәйкес, мамырдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жиі жаңбыр жауады, кейде нөсер жаңбыр, кей күндері найзағай, қатты жел және бұршақ жауады. Онкүндіктің басында және ортасында республиканың солтүстігінде, орталығында,шығысында,оңтүстік-шығыс аудандарының таулы және тау бөктерінде түнде қарға ұласатын жаңбыр болуы мүмкін.

Мамырдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының ауытқуы күтіледі:

  • елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде -5+3°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +20+28°С-қа дейін;
  • елдің оңтүстік жартысында - түнде -3+5°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +25+30°С-қа дейін.
  • елдің батысында түнде +8+18°С-тан -3+7°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+15°С-қа дейін.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде жылы ауа массаларының Иран аудандарынан қарқынды шығарылуымен ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанып отыр:

  • республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +10+18°С дейін, күндіз +25+35°С дейін;
  • оңтүстік жартысында түнде +15+23°С дейін, күндіз +30+40°C ыстыққа дейін.

Мамыр айының екінші және үшінші онкүндігінің кей күндерінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағайлы жаңбыр жауады, ыстықтың аздап төмендеуі - солтүстікте, орталық және шығыс аймақтарда күндіз +15+25°С дейін, оңтүстікте +20+28°С дейін күтіледі.

Мамыр айында орташа айлық ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары, еліміздің батыс аймақтарында норма шамасында болады деп күтіліп отыр.

Мамыр айында жауын шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, елдің қиыр батысында нормадан көп, Қазақстанның оңтүстік, орталық өңірлерінде нормадан аз болады деп болжанған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети