Мамырда құрғақшылық болуы мүмкін өңір аталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамырда құрғақшылық болуы мүмкін өңір аталды фото pixabay.com

Қазгидромет мамырда құрғақшылық болуы мүмкін деп болжанған аймақты атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет мамырда құрғақшылық болуы мүмкін деп болжанған аймақты атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер болжамынша, жалпы мамырда басты астық себілетін аймақтарда ылғалдану жағдайы көбінесе нормаға жуық болады деп күтіледі.

"Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Астрахан аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Глубокое, Зырян, Ұлан, Катонқарағай аудандарында және Өскемен қаласында, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданында оңтайлы ылғалдану жағдайы болжанады", - делінген хабарламада.

Бұл ретте Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында құрғақшылық күтіледі, мұнда мамырда жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарылауы болжанған.

Елдің қалған аймағында мамырда ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық болып болжанады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети