19 мамыр 2021 | 17:56

Мамырдағы мерекелерге байланысты вакцинация қарқыны төмендеді - вице-министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©REUTERS Фото: ©REUTERS

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация қарқынының төмендеуіне мамырдағы мерекелер себеп болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация қарқынының төмендеуіне мамырдағы мерекелер себеп болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәуірде вакцинация қарқыны тәулігіне 100 мың адамнан асты. Бүгінде бұл көрсеткіш бір күніне орташа есеппен 30-дан 60 мыңға дейін. Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші кезектегі міндеті халыққа вакцинация жасау мүмкіндігін қамтамасыз ету екенін түсінеміз.

Қазір халықтың вакцинацияға белсенділігі төмендеп кетті. Бұл ең алдымен мамырдағы мерекелермен байланысты шығар. Біз әлі де халықтың санасы мен белсенділігіне үміттенеміз. Көп адамды қамту және бұрын айтқан жоспарларды іске асыру үшін өңірлер, медицина қызметкерлері, емханалар, бизнеспен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтеміз", - деді Марат Шоранов ОКҚ онлайн-брифингінде.

Қазақстанда халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау 1 ақпанда басталды. 19 мамырда елде коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін 809 090 адам алды. Препараттардың бірінші компонентін 1 миллион 898 мың адам салдырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети