18 сәуір 2019 17:49

"Мамырдан бастап алғашқы 200 отбасы жаңа пәтерлерін ала бастайды" - Бауыржан Байбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматыда Nur Otan қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы кезінде партияның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша "Бақытты отбасы", "Құтты мекен" және "Халыққа көмек" әлеуметтік бағадарламаларын жүзеге асырудың барысы қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда Nur Otan қалалық филиалының кезектен тыс конференциясы кезінде партияның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша "Бақытты отбасы", "Құтты мекен" және "Халыққа көмек" әлеуметтік бағадарламаларын жүзеге асырудың барысы қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жоғарыда аталған бағдарламаларды жүзеге асыру аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін "Бақытты отбасы" қалалық Жол картасы жасалғанын атап өтті. Жалпы қазіргі кезде қалалық бюджеттің 50 пайызы әлеуметтік сала мәселелерін шешу мен орындауға бағытталған.

"Біз бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейтін Орталық нысанын белгіледік. Енді көмекке зәру кез-келген әйел осында келіп, кеңес алады әрі мұнда жеке балалар бөлмелері болады. Орталықта ең алдымен көпбалалы аналардың өздері жұмыс істейді. Бұдан өзге, мамырдан бастап алғашқы 200 отбасы жаңа пәтерлерін ала бастайды. Өздеріңіз білесіздер, партия жетекшісі осы мәселелердің барлығын бақылауда ұстауда. Елбасының тапсырмасымен бөлінген қаржы иесіне жетуі тиіс. Жергілікті жердегі қызметкерлер еш кедергі жасамай, әркімге адамгершілікпен қарап, түсіндірулері, айтулары тиіс. Маңыздысы - дер кезінде назар аудару мен қамқорлық көрсету. Бұл жұмысты ұйымдастыруда біздің барлық ресурстарымыз бар", - деді Бауыржан Байбек.

Қалалық мәслихат депутаты Гүлнас Ахметова партия аясында құрылған "Бақытты отбасы" қайырымдылық қорының аралық кезеңдегі жұмысын қорытындылап, қазірдің өзінде Алматының 1086 отбасына көмек көрсетілгенін айтты.

"Мысалы, газ орнатудың, үйді жөндеудің шығындары төленді, асыраушысынан айрылған отбасыларға материалдық көмек көрсетілді. Қор және Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының мүшелері 71 отбасын тұрақты қамқорлыққа алды. Бізге тек Алматы тұрғындарынан ғана емес, Қазақстанның өзге өңірлерінен де сұраныстар түсуде, ісімізге қызығушылық танытуда әрі қажетті кеңестер алуда", - деді ол.

Бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғани Тәжиев әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың іске асуына партиялық бақылауды күшейту жөніндегі "Құтты мекен" бағдарламасының Алматы үшін ерекше маңызды екенін айтты.

"Соңғы 3 жыл ішінде қалада 1500-ден аса аула жөнделді, саябақтар мен скверлер жаңарды, қала орталығының 60%-ы модернизацияланды. Көптеген мегаполистерде мобилділік сапалы өмірдің басты көрсеткіші болып табылады, сондықтан қалада кешенді көлік реформасы жүруде. BRT желісі жұмыс істеуде, заманауи LRT трамвай желісін іске қосу жоспарланған, жыл сайын жол жөндеу сапасы артуда. Үш жыл ішінде 10 мыңнан аса отбасы тұрғын үймен қамтылады. Бұл - 2375 көпбалалы отбасы, 564 мүгедек, 345 жетім балалар, 165 зейнеткерлер мен ардагерлер. Алматыда "Бюджетке қатысу" пилотты жобасы қолға алынады, оның аясында әр ауданға бөлінген нақтылы соманы тұрғындардың өздері бөлетін болады", - деді Ғани Тәжиев.

"Алматы қаласын дамыту Орталығы" АҚ-ы басқармасының төрайымы Жанна Төлегенова коммуналды қызметтерді цифрландыру және тұрғындармен кері байланыс аясын кеңейту жөнінде айтып берді.

Nur Otan партиясы халықтың күнделікті мәселелерін шешуге белсенді түрде араласуда әрі бұл іс Елбасының тапсырмасымен қолға алынған "Халыққа көмек" жобасын жүзеге асыруда күшейе түсуде. Цифрландыру арқасында қала тұрғындарымен тығыз байланыс орнап, онлайн өтініштер барысында сүбелі сұхбат қалыптасты. Азаматтар өтініштерін саралау барысында тенденциялар анықталуда, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін нақтылы проблемаларды шешудің жүйесі ұйымдастырылуда. Қарашада халықпен байланыстың Бірыңғай байланыс орталығын іске асыру жоспарланған, мұнда қала басқармаларының, аудан әкімдіктерінің, апатты және коммуналды қызметтердің барлық байланыс көздері бір нөмірге бірігеді. Қала сервистерінің Үйі ашылады, Алматының барлық коммуналдық қызметтері төлемдерді қайта есептеп, жұмыс сапасына және басқаларға қатысты шағымдарды қабылдайтын болады", - деп қорытындылады сөзін Жанна Төлегенова.

Мегаполис әкімі өз кезегінде кері байланыстың түрлі арналарын іске қосу барысында қала тұрғындары тұрмысының едәуір жеңілдегенін айтты. Егер бұрын бір жерге бару, кезекке тұру және өтініш жазу керек болса, енді үйден шықпай-ақ бар мәселені шешуге болады.

"Кейде адамдардың қайда баратынын, не істейтінін білмей, абдырап қалатын кездері болады. Әрі бұлардың барлығы регламентсіз еді. Мәселенің біреуі шешімін табатын, екіншісі сол күйі қалатын. Орындалу мерзімдері әр түрлі болатын, яғни субъективті фактор жоғары еді. Енді әкімдіктің электронды қоғамдық қабылдауы "Open Almaty" арқылы осындай екі мың жағдайға қатысты нақтылы алгоритм қалыптасты, мәселені кім шешетіні, кім бақылауға алатыны белгілі", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Конференция барысында Нұр-Сұлтан қаласында 23 сәуірде өтетін Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX Съезіне қатысатын делегаттар анықталды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети