04 сәуір 2014 | 22:31

Мамытбеков депутаттардың сынына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Сурет primeminister.kz сайтынан алынды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Сурет primeminister.kz сайтынан алынды.

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Парламент Сенаты депутаттарының сынына жауап берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайтының тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ҚР Парламент Сенаты депутаттарының сынына жауап берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайтының тілшісі. 

"Біз былтыр тұңғыш рет экспорттық нарыққа сиыр етін шығаруды қолға алдық. Осы уақыт аралығында не болмады дейсіз?! Біз бұл экспорттың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Мысалы біз өткен жылы 5 мың тонна ет немесе ет өнімдерін сатсақ, биыл  оның көлемін 10 мың тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл біздің еттің бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді, - деді Мамытбеков "24KZ" арнасына берген сұхбатында.

"Қазіргі кезде сиыр еті елімізде импорттың 5-6 пайызын құрайды. Бұл ет арнайы технологиялық тексеруден өтеді. Қазір біздің өнімдер Белоруссияның, Ресейдің дүкендері мен базарларынан оңай табыла қоймайды. Мұның бәрі паштет, шұжық секілді ет өнімдеріне айналып, қайта өңделеді", - деді ол.  

Министрдің сөзіне сенсек, Қазақстан 384 мың тонна сиыр еті өнімдерін өндіреді. "Бұл біздің өнімнің жалпы көлемі, яғни еліміздегі етке сұраныстың 95 пайызын өтейді деген сөз. Біз жылына 400 мың тонна сиыр етін тұтынамыз", - деді ведомства басшысы. 

Мамытбеков сонымен қатар отандық өндіріс орындарына қолдау көрсетудің механизмдері жасалып жатқанын айтты. Ол отандық сүт өнімдерінің сапасы ғана емес, оны бақылау жағы да ақсап жатқанын тілге тиек етті.  "Мысалы, майдың орнына маргарин және де сүт өнімдері деп басқа да тауарлардың сатылып жатқаны анықталуда. Сапасы осындай болған соң, олардың өнімі арзан болатыны сөзсіз. Бұл біздің өндірушілерге қиындық туғызады. Сондықтан да, мемлекеттік мекемелер барлық тауарды арнайы бақылауда ұстауы тиіс" - деді ол.

Министр малдың жем-шөбіне қатысты да пікірін білдірді. "Бізде жемнің бағасы қалай болуы тиіс болса, сол дәрежеде. Қазір ол бағаны мемлекет бекітпейді. Бәрін базар бағасы шешеді. Негізі, көбіне мал азығын  фермерлер өздері дайындайды. Бізде Батыстағыдай барлық шаруашылықты жем-шөппен қамтамассыз ететін аутсорсинг жоқ. Егер жем-шөп дайындамай бүкіл жазды өткізіп алса, әрине мал азығы қымбаттап кетеді. Егер де, олар базардан сатып алатын болса, ертерек қимылдауы керек, - деді министр.   

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін депутаттар Ауыл шаруашылығы министрін сынаған болатын. Сенатор Қожахмет Баймаханов неліктен шеттен келетін ұн, күріш және жылқы еті импортының артып жатқанын түсінбейтінін айтты. Ал депутат Светлана Жалмағамбетова болса, жемнің бағасы өте жоғары болып тұрған кезде ет өнімдерін арттыру мүмкін емес екенін айтып, министрді сын тезіне алып, "Агорбизнес" бағдарламасын "сүреңсіздікке" балады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети