18 наурыз 2014 | 17:31

Мамытбеков жемқорлықтың бар екенін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото express-k.kz сайтынан Фото express-k.kz сайтынан

Ауыл шаруашылығы министрлігінде жемқорлардың саны азайып келеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министр Асылжан Мамытбековке сілтеме жасап. Айта кеткен жөн, бүгін қаржы полициясы ауыл шаруашылығы министрілігінде жұмыс істеген тағы бір қызметкердің жемқорлыққа жол беріп, қыруар қаржыны қолды қылғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Осыған орай, журналистердің сұрағына жауап берген А.Мамытбеков мырза: "Бізде жемқорлықтың деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер жақсарып келеді. Егер 2011 жылы 45 қызметкерге қатысты қылмыстық істер қозғалса, 2013 жылда олардың саны 20-ға дейін азайған. 155 қылмыстық іс, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлерге қатысты болса, өткен жылы оның саны 31-ге тең болды. Әрине, проблема бар. Біз оны барынша шешуге тырысып жатырмыз. Ол жайында талай рет айттық. Бұл мәселе жіті бақыланып келеді", - деп атап көрсетті министр.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети