Мамырдың бірінші күндерінде ауа райының қандай болатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамырдың бірінші күндерінде ауа райының қандай болатыны белгілі болды © vitusltd.ru

Мамырдың бірінші күндерінде ауа райының қандай болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамырдың бірінші күндерінде ауа райының қандай болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктер 2016 жылдың 20 сәуірі және 2 мамыры аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті. Олардың айтуынша, сәуір мен мамыр Қазақстанда жауын-шашын көп түсетін айлар. "Биыл да сондай болады. Сәуірдің соңғы күндері мен мамырдың бірінші күндері республиканың басым аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр сіркіреп жауады", - деп хабарлады синоптиктер. 

Сенбіде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда түнде жаңбыр сулы қарға ұласуы мүмкін, мұнда ауа температурасы көпжылдық мәннен 1-3 градусқа төмен болады деп күтіледі екен. "Мұндай температура болжанып отырған мерзімде сақталады. Бірақ қалған территорияда ауа температурасы орташа мәндегіден 2-6 градусқа жылы болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети