Маңдайша мен мәзір қазақ тілінде: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңдайша мен мәзір қазақ тілінде: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекі ақпарат туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекі ақпарат туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

 Заң жобасы хабарландыру, жарнама, прейскурант, баға белгілері, мәзір, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпараттарды мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде орналастыруды көздейді. Бір кездері қазақтілді халық тұратын елді мекендерде мәзірді екі тілде жазуды талап еттік. Егер олай жасамаса айыппұл салынды. Бұл талап кәсіпкерлердің, тіпті мұндай қажеттілік болмаса да, мәзірді екі тілде жазуына алып келді.

Еске салайық, осыған дейін сенаторлар көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша заң жобасына түзетулер енгізіп, оны Мәжіліске қайтарған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети