11 наурыз 2021 09:20

"Маңдайшадағы жазуды жауып тұрған". Алматылықтар тағы да ағаш кескендердің ісіне шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар тағы да ағаштарды заңсыз отағандардың ісіне шағымданды. Бостандық ауданының тұрғындары компаниядағылар терек ағашын маңдайшадағы жазуы көрінбей қалғаны үшін кесіп тастаған деп болжады. Әкімдік өкілдері бұл маңда ағаш кесуге ешкім рұқсат алмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылықтар тағы да ағаштарды заңсыз отағандардың ісіне шағымданды. Бостандық ауданының тұрғындары компаниядағылар терек ағашын маңдайшадағы жазуы көрінбей қалғаны үшін кесіп тастаған деп болжады. Әкімдік өкілдері бұл маңда ағаш кесуге ешкім рұқсат алмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына бұл оқиғадан бей-жай қалғысы келмеген алматылықтардан хат келіп түсті, онда олар Гагарин мен Березовский көшелерінің қиылысындағы ағашты отау сәтін байқағанын жазған.

"Тапа-тал түсте ағаштарды кесіп тастады. Теректер жаңа тұрғын үй кешенін салатын компанияның маңдайша жазуын көлегейлеп тұрған. Сондықтан кесіп тастаған шығар. Ағаштар көлеңке түсіріп тұрған еді. Ал енді мұнда ірі құрылыстың көлеңкесі ғана тұр", - дейді Айдана Боранқұлова.


Куәгерлердің суреті

Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы өкілдері бұл мекенжайда үш түп терек ағашы кесілгенін мәлімдеді. Кесуге ешқандай да өтініш түспеген, сәйкесінше, басқармадан ешкім рұқсат алмаған.

"Табиғатты қорғау прокуратурасының мәліметінше, ӘҚБтК-нің 386-бабы "Жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзу" бойынша жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Өтемақы жұмыстары аясында жалпы пайдаланылатын жерлерге көшеттер отырғызылады. Отырғызу орнын Алматының жасыл экономика басқармасы анықтайды", - деді ведомстводағылар.

Осыған ұқсас оқиға Sulpak дүкені маңында болған еді. Ол кезде 13 түп ағаш түбімен оталған. АЛматы әкімдігі ағашты заңсыз кескендерге қатысты шара қолданды. Прокуратура қылмыстық іс қозғап, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети