"Мәңгілік полк" тағы да онлайн режимінде өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мәңгілік полк" тағы да онлайн режимінде өтеді

"Мәңгілік полк" тағы да онлайн режимінде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мәңгілік полк" тағы да онлайн режимінде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екінші жыл қатарынан әлемдегі жағдай Жеңіс күнін дәстүрлі форматта атап өтуге мүмкіндік бермей жатыр. Осы жылы да Salem social media ұжымы "Мәңгілік полк" акциясын онлайн режимде өткізеді.

Кез келген адам жеңімпаздарды құрметтеп, ардагерлерді құттықтай алады. Қазірдің өзінде salemsocial.kz/76 сайтына өз каhармандарыңыздың суреттері мен оқиғаларын жібере аласыз.

9-мамыр күні 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алау жанында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00 де басталатын шара Aitube.kz видео платформасының Salem social media арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Жеңіс күнімен құттықтаулар, батырлардың суреттері онлайн режимде жүреді.

"Мәңгілік полк онлайн" екінші рет өтіп жатыр. Өткен жылы біз 5000-нан астам оқиғалар мен фотосуреттер жинадық. 100-ден астам танымал қазақстандықтар онлайн-шеруді қолдады. Біз барлықтарыңызды өз-өздеріңізді қорғауға және Жеңіс күнін бүкіл елмен қашықтықтан атап өтуге шақырамыз", - деп Salem social media бас директоры Александр Аксютиц атап өтті.

Тікелей эфир аясында соғыс жылдарының әндері шырқалады, сонымен қатар Алматыда үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетеді, ол ардагерлерді олардың аулаларында жанды концерттерімен қуантады.

Акция 15:00-ге дейін жалғасады. Трансляция Aitube.kz, Tengrinews.kz, "Экспресс-К", Massaget.kz платформаларында, сондай-ақ "Жұлдыз FM" және "Восток FM" радиостанцияларында бір уақытта өтеді.

Бәріміз бірге батырларымызды Ұлы Жеңіспен құттықтайық!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети