28 қазан 2017 | 21:38

Маңғыстау жеріндегі "Отпан" тарихи-мәдени кешеніне - 10 жыл

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда қазақтың үш биіне ескерткіш қойылды. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстауда қазақтың үш биіне ескерткіш қойылды. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Маңғыстау жеріндегі "Отпан" тарихи-мәдени кешеніне - 10 жыл. Осыған орай, облыс көлемінде мерекелік шаралар ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтуде. Бүгін мұнайлы өңірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Үш жүздің төбе билері" атты монумент кешені ашылды.

Сонымен қатар, ғылыми-практикалық конференция, қолөнер шеберлерінің республикалық көрме-жәрмеңкесі мен ұлттық ойындардың жарысы басталды. Елбасымыздың мақаласында "Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл - рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз - ұланғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз", - дегені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда Отпан тау - тек қазақ халқы үшін ғана емес, киелі түбекті бізге дейін де жайлаған жеті жұрт үшін қымбат мекен. Отпан таудың ежелден арқалаған мақсат-міндеті бар. Ол - ынтымақ пен бірлік сақтау және ағайын арасындағы татулық туын тік ұстау.  Кешеннің идеологиялық көрінісі - ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы ұсынған "Мәңгілік Ел"  ұжырымдамасымен үндесіп,  ұлт бірлігінің ажырамас бөлшегі саналады.

 

Салтанатты шарада сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов: "Отпан тау - көпұлтты Отанымызда тағдыр табыстырған өзге ұлт өкілдері үшін де қастерлі нысан. Байқаған адамға мұнда іс жүзінде, қазақстандық ұлт идеясы жүзеге асырылып жатыр. Жаңадан ашылған "Үш жүздің төбе билері" монументінің тұғыры да осындай биік идеяларды көздеген асқар таудың басы болмақ керек. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды" деді.

Сондай-ақ ол, Отпанның ұлыларымыздың өнегелі жолын насихаттау арқылы жас ұрпақтың  санасына  ұлттың генетикалық кодын сіңіріп, "Мәңгілік ел" стратегиясы негіздерінде тәрбиелеуде атқарған рөлі зор. Отпан тауды  қазақтың қарашаңырағының отауы десек, бүгінгі "Үш жүздің төбе билері" монументінің Отпан таудан орын тебуі заңдылық. Ұлылардың ұлағаты ұрпақтың жүрегіне ұяласын! Ұлттық кодты сіңіру дегеніміз - міне, осы, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Ел атынан ҚР еңбек сіңірген қайраткері кешен идеясының авторы Сабыр Адай: Ұлттың ішкі рухы - оның өсуінің кепілі. Сондықтан, мына Отпанда жасалып жатқан барлық қызмет, мақсатымыз - бұл ел болып, халық болып, бұқара халықты жұмылдыру арқылы ұлттық сананы ояту, ұлттың өзінің халықтық дәстүріменен, салт-санасыменен қайта табыстыру. Сол салт-сананың, ұлттық дәстүрдің, ұлттық қағидалардың аясында қазақтың бойындағы ар-намысты ояту арқылы оның туыстығын баянды ету. Сол туыстық арқылы, біз жұмса жұдырық, ашса алақан, бірге тұрып, болашаққа аяқ басу және бізден кейінгі ұрпаққа ұланғайыр даланың бізге дейінгі тарихын және бізден кейінгі баянын дәріптеу, оның кемел келбетін рухани тұрғыдан жүректерге сіңіру керекпіз - деді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети