Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды Әлімұхаммед Құттұмұратұлы

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Әлімұхаммед Құттұмұратұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Әлімұхаммед Құттұмұратұлы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлимұхаммед Құттұмұратұлының "экономика" және "құқықтану" мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар, сондай-ақ, ол - Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының MPA (Master of Public Administration) магистранты.

Еңбек жолын коммерциялық құрылымдардан бастаған.

  • 2008 жылдан 2012 жылға дейін жергілікті атқарушы органдар жүйесінде түрлі лауазымдарды атқарды.
  • 2012-2016 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
  • 2016 жылдан 2017 жылға дейін Махамбет ауданының әкімі қызметін атқарды.
  • 2017-2018 жылдары - Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі.
  • 2020 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін "Жайықмұнай" ЖШС Бас директорының орынбасары қызметін атқарды. Әлімұхаммед Құттұмұратұлы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысын басқарып отырған Нұрлан Ноғаев Атырау облысының әкімі болғанда да бірге жұмыс істеген.

Нұрлан Ноғаев облыс жаңа орынбасарын таныстырып, бірқатар нақты міндеттер қойды.

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін Нұрлыбай Аққұлов атқарып келген болатын. Ол денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен кеткені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети