Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов тағы да қызметінен шеттетілді. Бұл туралы inAktau.kz өңірдің экономикалық тергеу департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов тағы да қызметінен шеттетілді. Бұл туралы inAktau.kz өңірдің экономикалық тергеу департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл қыста Ниязов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамалған болатын. Кейін сот бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертті.
24 мамырда облыстың баспасөз қызметі Маңғыстау әкімінің орынбасары қызметтік міндетіне кіріскенін хабарлаған. Алайда, келесі күні сот шешімімен қызметінен қайтадан шеттетілген.
"Қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылуына байланысты қызметі уақытша тоқтатылды. 2022 жылдың 27 мамырында осы сот шешімі заңды күшіне енді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды", - деді Маңғыстау облыстық Экономикалық тергеу департаменті өкілдері.
Маңғыстау облысының соты "Лада" басылымына Ниязовтың үйқамақтағы мерзімі 24 мамырдан 24 маусымға дейін ұзартылғанын айтқан.
"25 мамырдан бері Ғалымжан Ниязов жұмыста жоқ, қосымша мәлімет алу үшін құқық қорғау органдарына хабарласыңыз", - деді облыс әкімдігі.
Айта кетейік, Ғалымжан Ниязов Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 17 сәуірдегі, 27 сәуірдегі және 17 мамырдағы заңды күшіне енген қаулылары бойынша 24 мамырда жұмысқа оралған еді. Сонымен қатар, әкім орынбасарының лауазымында қалуы сот шешіміне байланысты екені айтылды. Ол бір аптадан кейін өзгерді.
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қамауға алынғаны хабарланған болатын. Кейінірек үйқамаққа алынғаны айтылды. 24 мамырда ақпанда қамауға алынған әкімінің орынбасары жұмысқа шыққаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!