Маңғыстау облысы ПД бастығы мен оның орынбасарлары ҰҚТ құрды деп айыпталды: ресми жауап

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы ПД бастығы мен оның орынбасарлары ҰҚТ құрды деп айыпталды: ресми жауап Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыптаулар тарады. Полиция бұл ақпараттың жалған екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыптаулар тарады. Полиция бұл ақпараттың жалған екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Маңғыстау облысы Полиция департаменті басшыларының аты-жөні жазылған тізім тараған. Онда көрсетілген адамдар ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ретінде көрсетілген.

Скриншот/ Маңғыстау облысы ПД

Полиция жауабы

Маңғыстау облысы Полиция департаменті редакция сауалына берген жауабында бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады.

"Жалған ақпаратты таратпауды сұраймыз. Интернетте әдейі жалған мәлімет жариялау және тарату Қазақстан заңнамасына қайшы келеді", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі жауабында.

Полиция өкілдері ҚР ҚК-нің 274-бабына сәйкес, әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды.

"Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіріп, ауыр құқықтық салдарға әкеледі", – деп түйіндеді баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети