Маңғыстау облысының прокурорлары құны 145 миллион теңгеден асатын "Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері" коммуналдық кәсіпорнын мемлекетке қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының прокурорлары құны 145 миллион теңгеден асатын "Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері" коммуналдық кәсіпорнын мемлекетке қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін кәсіпорын үкіметтің Денсаулық сақтау объектілерін иеліктен шығару туралы қолданыстағы тыйымына қарамастан, кейіннен сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге "Қарақия оңалту орталығы" ЖШС сенімгерлік басқаруға берілген болатын.
Бүгін сенімгерлік басқаруға беру шарты бұзылып, мүлік қайтадан мемлекеттің басқаруына қайтарылды.
"Басқа жағдайда елордалық прокуратура мемлекет грант түрінде бөлген ақшаны қайтару бойынша шара қабылдады. Ғылым қоры 2017-2019 жылдар аралығында Flow System ЖШС ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға 259 миллион теңге сомасында грант берді.
Алайда кәсіпорын Ғылым қоры алдындағы міндеттемелерін орындамай, жобаны іске асырмай қалдырған. Осыған байланысты прокуратура сотқа талап арыз енгізді, нәтиже бойынша жауапкерден мемлекет пайдасына 259 миллион теңге өндірілді", - деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Еске салайық, 2021 жылы желтоқсанда Маңғыстаудағы жалғыз тері-венерологиялық диспансер сенімгерлік басқаруға көшті. 2022 жылы ақпанда мекеме басшылығы қызметкерлерді қысқартқысы келгендіктен, диспансердің дәрігерлері жұмыстан айрыламыз деп қорықты. Кейін Маңғыстау облысының қаржы басқармасының бөлімінде басқаруға шарт талабы бойынша қызметкерлерді жұмыстан шығаруға тыйым салынды.
Бүкіл өңірдің тұрғыны медициналық көмекке жүгінетін диспансер ғимараты жарты ғасыр бұрын салынған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!