06 тамыз 2020 14:38

Маңғыстау облысында 7 айлық нормадан артық жаңбыр жауды

Маңғыстау облысында жеті айлық нормадан көп жаңбыр жауды. Бұл туралы Қазгидромет синоптиктері мәлімдеді. Желіде Ақтау және Фарт-Шевчонко көшелерін су басқаны түсірілген видеолар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында қалыптасқан жағдайға байланысты, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК 2020 жылғы 5-6 тамызда Маңғыстау облысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауғаны байқалғанын хабарлайды.

Реклама
Реклама

Ақтаудағы нөсер: көшелер мен үйлерді су басты

"Тәулік ішінде түскен жауын-шашын мөлшері: 2020 жылғы 5 тамызда Форт-Шевченко метеостанциясында – 23 миллиметр, бір айдағы норма 7 миллиметр. 6 тамызға қараған түні Ақтау қаласының өзінде найзағай ойнап, қатты нөсерлі жаңбыр байқалып, 66 мм жауын-шашын мөлшері түсті, бір айдағы норма 6 миллиметр", - деп мәлімдеді синоптиктер.

"Қазгидромет" РМК 6 тамызға Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы бойынша күтілетін мол жауын-шашын, найзағай және дауылды жел жөнінде алдын ала дауылды ескерту шығарды және таратты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram