06 тамыз 2020 12:44

Ақтаудағы нөсер: көшелер мен үйлерді су басты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Ақтауда өткен түнде нөсер жауып, қала көшелері мен үйлерді су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтауда өткен түнде нөсер жауып, қала көшелері мен үйлерді су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғындары нөсер салдарын фото, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, нөсер салдарынан жолда көлік қатынасы қиындаған. Жүргізушілер көлік нөмірін жоғалтып алған. Әзірге ешкім полицияға шағым түсірмеген.

Жолды су басқан, тұрғындар жүргізушілерді сақ болуға шақырады. Тіпті, кейбірі автомобильді моторы бар қайықпен салыстырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АКТАУ | МАНГЫСТАУ ☀️ (@aqtau_live)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ақтауға төккен ақ жауын.

Публикация от Арғын Қосай (@argin.kosai)

"Қалай қорқынышты?", - дейді әйел. Тұрғындар нөсерден жолдың шеті көрінбей қалғанын айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Доброе утро Актау! Рассказывайте как прошла эта ночь ???

Публикация от На дорогах Актау (@na_dorogah_aktau)

Нөсердің видеосы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

"Шынымен де туристік қала екен. Теңіз де, өзенде бар, Венеция сияқты. Енді ағаштарды суарудың қажеті жоқ. Сіздерге қызығып отырмын. Венецияда тұрып жатырсыздар, соған қарамай шағым айтасыздар", - деп жазды желі қолданушылары.

Ал кейбір желі қолданушысы бұл мәселеге қатысы ойларын ашық айтты.

"Жиналған суды ағызып жіберетін құрал керек. Бізде олар қарастырылмаған. Басқа елдер мен қалаларда жол салған кезде осы құралды бірге салады. Өкінішті, жолды салуға көп еңбек кетті ғой, - дейді желі қолданушылары.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети