Маңғыстау облысында балаларды өрттен құтқарған полицейлердің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында балаларды өрттен құтқарған полицейлердің видеосы тарады Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысында полицейлер балаларды өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында полицейлер балаларды өрттен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 ақпанда Маңғыстау ауылында екі қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Кіреберісті қою, қара түтін басып, тұрғындар, соның ішінде балалар үйден өз бетінше шыға алмай қалған.

"Өртті көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері дер кезінде байқады. Алты полицей жедел түрде адамдарды эвакуациялап, бөлімшедегі өрт сөндіргіштерді пайдаланып өртті сөндіруге кірісіп кетті. Полиция тұрғындарды эвакуациялау кезінде пәтерлердің бірінен үйде жалғыз қалған үш баланы тапты. Полиция лейтенанты Қайыпбергенов кішісін қолына алып, оларды далаға шығарды.

Өртке қарсы қызмет келгенге дейін тәртіп сақшылары (А. Омарбаев, Н. Қуанов, Н. Қайыпбергенов, Р. Хамит, А. Көктаубаев, Б. Орынхан) барлық тұрғынды эвакуациялап үлгерді, сондай-ақ жалынның ұлғайып, басқа пәтерлерге ұласуына жол бермеді", - деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі өкілі.

Қызметкерлерді азаматтарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін ведомство басшылығы марапаттады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети