04 сәуір 2014 | 12:15

Маңғыстау облысында жалақының өсірілуін талап еткен жұмысшылар өндірісті тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Lada.kz ©Lada.kz

Маңғыстау облысында Techno Trading кәсіпорнының 100-ден астам қызметкері өндірісті тоқтатып қойып, жалақының өсірілуін талап етіп отыр деп хабарлайды "Лада"


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында Techno Trading кәсіпорнының 100-ден астам қызметкері өндірісті тоқтатып қойып, жалақының өсірілуін талап етіп отыр деп хабарлайды "Лада"

Жұмысшылардың айтуынша, кәсіпорында орташа жалақы көлемі - 120 мың теңге, олар басшылыққа жалақыны көбейтуді сұрап, бірнеше рет өтініш айтқан, бірақ ешқандай жауап жоқ. "Біздің талабымыз: әлеуметтік қамсыздандыруды жақсартып, жалақыны көбейту, қолайлы еңбек шартын құру. Біз жабық бөлмелерде жұмыс істейміз, буланған зиянды заттармен тыныс аламыз. Бізді олар мұнайшылар деп есептемейді. Ал біз мұнайды өз қолымызбен ұстаймыз. Құбырлардың бәрін қолмен жөндейміз. 100 мың, 120 мың аламыз. Ал біздің жанымыздағы басқа мұнайшылар 400-450 мың теңге алады. Түсінеміз, олардың жұмысы ауыр. Кеше біз басшылыққа сұрақ қойдық: біз мұнайшымыз ба? Олар "жоқ" деді. Сонда біз кімбіз, тігін фабрикасымыз ба?!" - деп жауап берді Techno Trading ЖШС операторы Салауат Жанғалиев.

Компания басшылығы жұмысшылардың жалақысын 20%-ға көбейтуге келісім берді. "Компания директорлары жалақыны 20%-ға арттыру туралы шешім қабылдады. Мен адамдарға бұйрықты көрсеттім. Олар кәсіпорынның жеке екенін түсінуі керек. Қазіргі уақытта бұл айлықты көтеру мүмкіндігінің ең жоғарғы шегі", - деп хабарлады кәсіпорынның насостық-компрессорлық құбырларды жөндеу жөніндегі басқармасының бастығы Есіркеп Медеу. Бірақ жұмысшылар бұл шартпен келіспей отыр, олар жұмысты жалғастыруға құлық танытпады. Techno Trading компаниясы бұрғылау құбырларын жөндеумен айналысады, ол Жетібай кентіндегі мұнай кеніштерінің бәріне қызмет көрсетеді.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети