Маңғыстау облысында жеті мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында жеті мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген Сурет: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері мониторинг барысында Маңғыстау облысында жеті мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келгенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері мониторинг барысында Маңғыстау облысында жеті мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келгенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Мұғалімдер жұмыстан шығарылды. Білім басқармасы жұмыс кезеңінде үстемақы түрінде төленген ақшаны қайтару үшін сотқа шағым түсірді. Сонымен қатар, бір мұғалімге қатысты үкім шығарылды. Мұғалімге 20 АЕК - 69 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

"Барлық білім беру мекемеде профилактикалық кездесу өткіземіз. Біздің тарапымыздан осындай деректердің алдын алу үшін үнемі мониторинг жүргізу ұсынылды. 2021 жылдан бастап алынған барлық диплом интернет-ресурста көрсетілген. Осы уақытқа дейін берілген құжаттың түпнұсқасын жұмыс беруші тиісті оқу орнына сұрау салу арқылы тексеруге болады", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының Маңғыстау облысы бойынша бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында жалған құжаты бар педагогтар жалақыға үстемақы ретінде 100 миллион теңгеден астам қаражат алған. 70 мектептің мұғалімі, балабақша мен мектеп қызметкерлерінде ұлттық біліктілік тестілеуінен өткені туралы жалған сертификат болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети