Маңғыстауда жоғалған төрт жасар қыз 13 сағаттан кейін табылды, - деп хабарлайды "Лада".
Маңғыстауда жоғалған төрт жасар қыз 13 сағаттан кейін табылды, - деп хабарлайды "Лада".
Іздестіру жұмыстарына Маңғыстау облыстық ТЖД, ішкі істер басқармасы (ІІБ) және Жаңаөзен ішкі істер бөлімі (АІІБ), Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері жұмылды. Қыз бала 10 шілдеде, бүгін, 11:00-де табылған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Төрт жасар Айгүл Тәжімұраттың жоғалып кеткені туралы әлеуметтік желіде хабарланды. Қыздың әпкесінің айтуынша, Айгүл 9 шілдеде Жаңаөзен қаласынан 12 шақырым жердегі Ботагөз елді мекенінде жоғалған.
"Қыз әкесімен көлікте келе жатқан. Әкесі көліктен шыққан сәтте қыз ұйықтап жатқан. Ол қайтып келгенше, қыз жоғалып кеткен", - деді Айгүлдің әпкесі.
Іздестіру жұмыстарына Маңғыстау облыстық ТЖД қызметінің бес арнайы техникасы мен жеке құрамның 88 адамы, ІІБ және Жаңаөзен АІІБ 70 адамы мен 14 техникасы, №5548 әскери бөлімінің 55 адамы мен үш техникасы, 300 ерікті және 75 техника қатысқан. Сонымен қатар, жергілікті орындаушы органдарының үш техникасы мен 20 адамы және "ҚазАвиоСпас" тікұшағы әуеге көтерілді.
"Айгүл Тәжімұрат 2013 жылы туған. Жаңаөзен қаласынан 12 шақырым жердегі Ботагөз елді мекеніне жақын жерде жоғалып кеткен. Туыстары оның 22:00-де жоғалып кеткенін анықтаған. Құзырлы органдарға 10 шілдеде таңғы 06:00-де хабарласқан. Әкесі мал іздеу үшін қызын бірге ертіп шыққан. Ол малды іздеп жүргенде, қыз көліктен шығып кетіп, жоғалып кеткен. Айгүлді 11:00-де Маңғыстау облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері тапқан. Қыз дін аман, ата-анасына тапсырылды", - дейді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.