Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері қару асынып жүгіріп бара жатқан ер адамның видеосына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Lada.kz.
Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері қару асынып жүгіріп бара жатқан ер адамның видеосына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Lada.kz.
Видеода ер адам әскери емес киімде, ол әуежайға қарай жүгіріп бара жатқан. Ролик авторының айтуынша, олардың барлығы қару асынған. Видео 28 қаңтарда шамамен сағат 12.00-де түсірілген.
Маңғыстау облысының ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер жүгіріп келе жатқан адамның құрылым жасағының қызметкері екенін айтты.
"Маңғыстау облысының ІІД-нің құрылым жасағының қызметкерлері 28 қаңтарда оқу-жаттығу шараларын жүргізген. Жаттығу барысында барлық қауіпсіздік шаралары сақталды", - деп түсіндірді облыстық ІІД-нің мамандары.