Маңғыстау облысында қатаң сөгіс алған әкім қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында қатаң сөгіс алған әкім қызметінен босатылды Рахат Елтізаров. Фото:gov.kz

Маңғыстау облысында Түпқараған ауданының әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында Түпқараған ауданының әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 желтоқсанда өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданы мәслихатының депутаттарына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген Ержан Күмісқалидің кандидатурасын аудан әкімі қызметіне ұсынды. Ол бұған дейін Мұнайлы ауданының әкімі қызметін атқарған.

Ержан Қүмісқали 1983 жылы туған. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы Жаңаөзенде мұғалім болып бастаған.

"Депутаттар кандидатураны қолдады. Олар Ержан Күмісқалидің тәжірибелі басшы ретінде өзін жақсы жағынан көрсеткенін атап өтіп, оған сенім білдірді. Өңір басшысы бұған дейін Түпқараған ауданының әкімі болған Рахат Елтізаровқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа әкімге сәттілік тіледі", – деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін бұл қызметті Рахат Елтізаров атқарған. Айта кетейік, бұған дейін, 19 желтоқсанда, Қазақстандағы облыстар мен үш мегаполистің әкімдеріне 2024 жылы қандай ескертулер мен жаза берілгені туралы хабарланған болатын. Сол кезде Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтізаровқа қатаң сөгіс жарияланғаны айтылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети