Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы егілген 60-қа жуық адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Лада" порталы. Екі аптадан бері жасөспірімдер бастарының айналғанын, жүректері айнып, денелерінің қалтырағанын айтып дәрігерлердің көмегіне жүгініп жатыр.

Науқастардың жартысы Маңғыстау облыстық ауруханасына жіберілді. Жасөспірімдердің бірі әлі жансақтау бөлімінде жатыр. "Вакцинациядан кейін ауруханаға түскен жасөспірімдердің жалпы саны - 59 адам. Олардың 53-і Жаңаөзенде, алтауы Бейнеуде", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмабек Бисен.
Жасөспірімдердің нашар сезінуінің себебі әлі белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, асқынуға қызылшаға қарсы салынған вакциналардың сапасыздығы немесе дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы себеп болуы мүмкін. Бұған қатысты тергеуді Астананың эпидемиологтары жүргізіп жатыр. Айта кетейік, вакцинадан кейін Теміртауда медициналық колледждің студенттері мен Тараздан барған 16 жастағы қыз өзін нашар сезінді.
Еске сала кетейік, мұндай жағдайлардан кейін Қазақстанда вакцинация тоқтатылған еді. Қызылшаға қарсы вакциналау 2015 жылдың 2 наурызына дейін жүргізілмейді. Оған дейін тергеу жұмыстары аяқталып, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұлттық дәрі-дәрмек, медициналық заттар мен медициналық техниканы сараптау орталығы вакцинаға сараптама жүргізеді деп жоспарланып отыр.