Маңғыстау облысында тоғызыншы сынып оқушысының ата-анасы балалары себепсіз сабаққа бармағаны үшін айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот отырысында Б-ның баласы, кәмелетке толмаған 9 сынып оқушысы К. 2015 жылдың 9 қырқүйегінен 22 қырқүйек аралығында сабаққа себепсіз бармағаны анықталды. Мұнайлы аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімімен ("Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы") кәмелетке толмаған К-нің әкесі Б-ны кінәлі деп танып, Б-ға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 13 874 теңге айыппұл жазасын тағайындады", деп жазылған хабарламада. Қаулы заңды күшіне енді.