Мемлекеттік кіріс комитетінде қызмет бойынша мүдделер қақтығысы үшін облыстық басшыларының бірі лауазымнан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік кіріс комитетінде қызмет бойынша мүдделер қақтығысы үшін облыстық басшыларының бірі лауазымнан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сөйтсек, Маңғыстау облысында алкоголь өнімін сатумен айналысатын "Партнер Актау Компани" ЖШС қызметін тексеру кезінде алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарына салыстырмалы талдау жүргізу кезінде тауар сомасы бойынша елеулі айырмашылықтар анықталған.
Бұл дерек бойынша МКК Ішкі қауіпсіздік басқармасы салықтық тексеруді тағайындады. Оның нәтижелері бойынша осы заңбұзушылықтардан басқа, ЖШС қоймаларында белгіленбеген үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімі табылған. Ал тергеу барысында бұл ЖШС құрылтайшысы Маңғыстау облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы С.Қуанышәлиевтің зайыбы болып шыққан.
"Мүдделер қақтығысының бар екендігін көрсетіп тұрған жағдайлар іс бойынша басшыларға және жоғарыда аталған ЖШС құрылтайшысына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мүмкіндігін болдырмаған. Алайда, С.Қуанышәлиев жазбаша рапортымен өзінің тікелей басшысына жүгінбеген және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңдарының талаптарын бұза отырып, өз қызметтік міндеттерін орындауды жалғастыра берген. Қызметтік тергеу нәтижелері және тәртіптік комиссияның ұсынымдары бойынша С.Қуанышәлиев атқарып отырған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (51-бап) және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15-бап) ҚР Заңдарында мүдделер қақтығысына нақты түсінік берілгенін еске салып отыр.
Бұл - мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін жеке мақсаттарда пайдалануға құқығы жоқ. Мүдделер қақтығысы болған кезде, заңнамамен оны "оқшаулап шектеуге" бағытталған мемлекеттік қызметшілердің нақты әрекеті қарастырылған.
Мемлекеттік кірістер комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс шеңберінде заңнама талаптарын, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жұмысында мүдделер қақтығысы фактілерін анықтау талаптарын мүлтіксіз сақтау бойынша шаралар қабылдауп жатыр.