Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз қаза болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз қаза болды Фото ©️ Tengrinews.kz \ Турар Казангапов \ көрнекі сурет

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы шекара заставасында биыл көктемде әскерге шақырылған сарбаз қаза болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысындағы шекара заставасында биыл көктемде әскерге шақырылған сарбаз қаза болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 7 қазанда "Үстірт" шекара заставасында болған. Бөлім командирінің тапсырмасымен әскери қызметші дизель-генератор радиаторын жуу үшін бензин әкелу мақсатында қоймаға барған.

Тапсырманы орындау кезінде сарбаз жанармай буларына уланып, есінен танып қалғаны хабарланды. Шамамен 10 минуттан кейін оны жерде жатқан күйінде байқап қалған. Сарбаз зардап шеккен қызметшіге көмек көрсетуге тырысқан, алайда ол көз жұмған.

ҰҚК пікірі

ҰҚК баспасөз қызметі әскери қызметшінің қаза болғаны туралы ақпаратты растады.

"Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде қайғылы жағдай болды, мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болған", – деп хабарлады ҰҚК.

Ведомствоның мәліметінше, полиция органдары қылмыстық іс қозғаған, қосымша қызметтік тексеріс те жүргізіліп жатыр.

"ҰҚК Шекара қызметі қаза болған сарбаздың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында егізімен әскерге барған Дінмұхамед есімді әскери қызметші қаза тапқан болатын. Алғашында олар бір әскери бөлімде қызмет еткен, кейін олардың бірі басқа бөлімге ауыстырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети