ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қыркүйек 2020 | 15:24
Маңғыстау облысында туған күн өткізген шенеуніктің видеосы тарады
Маңғыстау облысында карантин кезінде отырыс өткізгендердің видеосы тарады. Автордың айтуынша, видеоға Маңғыстаудың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Yedilov online Telegram каналында пайда болды.
"Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова өзінің туған күнін атап өтті", - деп жазды видео авторы.
Редакция осы видеоның мән-жайы анықтау үшін облыстың Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне хабарласты.
"Лауазымды тұлға Департаментке түсініктеме беру үшін шақырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тексеріс қорытындысы бойынша облыс әкімдігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне шара қолдану үшін хат жолдайды", - делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также