Маңғыстау облысында заңсыз көші-қон арнасы әшкере болды: төлқұжаттар, мөр және ақша тәркіленген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында заңсыз көші-қон арнасы әшкере болды: төлқұжаттар, мөр және ақша тәркіленген Polisia.kz

Маңғыстау облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері шетел азаматтарына тіркеу, уақытша болу мерзімін ұзарту және ХҚКО арқылы рұқсат алу бойынша жалған қызметтер көрсетумен байланысты заңсыз схеманың жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 мамырда жедел іс-шаралар барысында үш күдікті ұсталған. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тінту барысында:

  • әр түрлі ЖШС-нің 70-тен астам мөрі;
  • шетел азаматтарының 75-ке жуық төлқұжаты;
  • электрондық ақпарат тасығыштар, техника, банк карталары, ХҚКО құжаттарының түпнұсқалары;
  • шамамен 2 миллион теңге қолма-қол ақша;
  • екі көлік тәркіленді.

Аталған іс бойынша сотка дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети