19 қазан 2014 | 13:25

Маңғыстау облысындағы алқабилер тізімінде қылмыскерлер мен өліп қалғандар жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алқа билердің қатысуымен өткен сот отырысы. Фото themis.ru сайтынан алынды Алқа билердің қатысуымен өткен сот отырысы. Фото themis.ru сайтынан алынды

Ақтаудағы алқабилер үміткерлерінің арасында бұрын кісі өлімі үшін сотты болған адамның аты-жөні жүр, - деп жазады "Лада" Ақтау қалалық прокуроры Талғат Әлібаевқа сілтеме жасап. Оның сөзіне қарағанда, мұндай жағдай сот үкімінің әділдігіне күмән келтіреді.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтаудағы алқабилер үміткерлерінің арасында бұрын кісі өлімі үшін сотты болған адамның аты-жөні жүр, - деп жазады "Лада" Ақтау қалалық прокуроры Талғат Әлібаевқа сілтеме жасап. Оның сөзіне қарағанда, мұндай жағдай сот үкімінің әділдігіне күмән келтіреді.

"Судьялар сот отырысы кезінде түрлі қиындықтарға тап болады. Олар алқабилер қатарына заңсыз кіріп кеткендерді шеттету үшін сотты тоқтатуға мәжбүр. Заңды сайланған алқабилердің өздері кейде сот отырысына кесірлерін тигізіп жатады. Алқабилердің сотқа негізсіз келмей қалатындары тағы бар. Тіпті кейбіреулері жауапкершілігіндегі істен бейхабар болады", - дейді Әлібаев.

Прокурордың сөзіне қарағанда, тізім немқұрайлы жасалады. Алқа билері үміткерлерінің арасында есірткі тасымалымен айналысқандар және пара алғандығы үшін сотты болғандар да кездеседі. Сонымен қатар, тізімде әскерилер мен мемлекеттік қызметкерлер, нашақорлар мен маскүнемдер, жүйке ауруына шалдыққандар да бар. Ал бұл заңға қайшы. Тіпті тізімде бұл өмірде жоқ адамның аты-жөнін жазып қойған кездер де болыпты.

Негізі, алқабилер тізімін жасау жергілікті әкімшілік құзырында. "Егер соңғы тізім 2013 жылы жасалса, алқа би болуға үміткер одан кейін қаза болса, оны тізімнен қалай алып тастамаған. Демек, алқабилер сайлайтын құзырлы орындар арасында байланыс жоқ. Әкімшілік осы сынды қиындықтарға жол бермес үшін, үміткерге қатысты барлық ақпараттарды, мысалы қайда ұшты, пойызбен қайда барды, egov аясындағы мемлекеттік қызметті қашан пайдаланды және қандай есепте тұр деген сияқты нәрселерді анықтау үшін құзырлы орындармен қоян-қолтық жұмыс істеулері тиіс", - дейді Талғат Әлібаев.

Сонымен қатар, ол "алқабилер институтын қолданудағы қайшылықтарға жол бермес үшін, халыққа оның қылмыстық істер өндірісіндегі рөлі турасында нақты әрі сауатты мәлімет беріп отыру керекпіз", - деп атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети