Маңғыстау облысындағы Басқұдық ауылының тұрғындары көше жолын өздері жөндеп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысындағы Басқұдық ауылының тұрғындары көше жолын өздері жөндеп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Желіде ауыл жолының жаңбырдан кейінгі жағдайы түсірілген видео жарияланды. Онда балалардың мектепке баруы үшін балшық үстімен жүріп өтуге мәжбүр екені көрсетілген.
"10 мың теңгеден шығардық. 10-12 адамбыз. Әкімдік жолдың жағдайына көңіл бөлмейді. Балалар мектепке жету үшін жолдың шетімен, балшығы жоқ жермен жүруге мәжбүр. Алты жыл бойы жолдың қандай да бір бөлігін өзіміз жөндеп келе жатырмыз. Бұл жолы Бәйтерек көшесіндегі жолды қолға алдық", - деді Басқұдық ауылының тұрғыны Мейірбек Тұрмамедов.