Маңғыстау облысындағы мердігер компанияларға 14 миллион теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысындағы мердігер компанияларға 14 миллион теңге айыппұл салынды Фото: "Хабар 24"

Маңғыстау облысында баспана құрылысында заңбұзушылыққа жол берген мердігерлер 14 миллионнан астам теңге айыппұл төлейді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында баспана құрылысында заңбұзушылыққа жол берген мердігерлер 14 миллионнан астам теңге айыппұл төлейді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Прокуратура келтірген мәліметтер бойынша, кейбірі тұрғын үй кешендерін салуды мемлекеттік сараптама нәтижесін күтпестен бастап кеткен. Тағы бірінің жобалық-сметалық құжаттары болмай шықты. Құрылыс-монтаж жұмыстарын рұқсатсыз жүргізіп жатқандары да анықталды. Жинақталған мәліметтер мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданған. Олар өз кезегінде құрылыс компанияларын айыппұл төлеуге міндеттеп отыр.

"7 тәулік ішінде төлеген жағдайда 50 пайызға қысқартылады. Қазіргі таңда соған байланысты 7 миллион 152 мың 105 теңге айыппұл мемлекет кірісіне өндірілді. Осы кезеңде басқарма 3 тексеру жұмысын жүргізді. 31 әкімшілік іс жасақталды, бесеуі сот органдарына жолданды", - деді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлібек Кеңесұлы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети