28 тамыз 2023 | 16:24

Маңғыстау облысындағы шатқалға жазу жазған шенеунік кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары

Маңғыстау облысындағы шатқалда жазу жазған шенеунік Манас Көшербаев кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысындағы шатқалда жазу жазған шенеунік Манас Көшербаев кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кешірім өтінемін. Ассалаумалейкум, ардақты ағайын, қадірменді қазақ елі. Мен Көшербаев Манас Маратұлы 24 тамызда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Ыбықты сайда болған жағдайға байланысты түсініктеме бергім келеді.

Ыбықты сай - Маңғыстаудың көркем жерлерінің бірі. Өкініштісі, қараусыз қалған. Жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы. сол әдемі, керемет үңгірдің іші толған жазу, әдепсіз сөздер. Сондай бір дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниетім ғана болды. Аңдаусыз жаза бастым!

Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Аса қатты сөкпеңіздерші! Тарихи жерге қылдай қиянат қылу ойымда да болмады. Барша отандастарымнан, Маңғыстау жұртынан басымды иіп кешірім сұраймын! Ғафу етіңіздер!", - дейді шенеунік.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында ойып жазу жазған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған еді. Ер адам балға, бұрағышқа ұқсас затпен жартасқа ойып жазады. Әлеуметтік желілерде ер адамның әрекеті көрінетін видео жарияланды.

"Туристерге Ыбықты сай мен Бозжыраны көрсетуге келдік. Бірақ бұл жерде, өкінішке қарай, вандалдар өз аттарын тасқа жазады, ұят", - дейді видео авторы.

Айта кетейік, бұл Ыбықты сайдағы алғашқы жағдай емес. 2023 жылғы мамырда Ыбықты сай шатқалында демалушылар кәуап пісіру үшін от жаққан. Демалушыларды "Ақтау добряков клубының" еріктілері видеоға түсіріп алған еді.

Артынша видеодағы ер адам Қазақ зағиптар қоғамының қалалық мәдениет үйінің директоры екені расталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети