14 наурыз 2017 | 15:57

Маңғыстау облысының әкімі ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ералы Тоғжанов Ералы Тоғжанов

Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Марат Тәжин жұмыс сапарымен Ақтауға келіп, облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. Отырыс барысында Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының мәслихат депутаттарына арналған хатын оқыды. Бұл хатта облыс әкімі қызметіне Ералы Тоғжановтың кандидатурасы ұсынылған. Депутаттар Президенттің ұсынысын бір ауыздан қолдады.

Осы қызметті 2013 жылдан бері Алик Айдарбаев атқарған болатын.

Ералы Тоғжанов бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінде болды. Ол - саясаттану ғылымдарының докторы. 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Жоғары білімді: Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (1983-1988 жж.), Құқықтану.

ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институты (1991-1994жж.), заңгер. Кеңес одағының әскер қатарында қызмет етті. 1991 жылдан 1998 жылға дейін Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушы. 1994-1996 жж. ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер.

1996 жылдан бастап Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары қызметін атқарды. 1994 жылдан бастап аталған университеттің халықаралық құқық факультетінің деканы болды. 1999 жылы филиал деканы, 2001 жылы Астана қаласының Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болып тағайындалды. 2001-2006 жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2008 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Өкімімен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. Мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары бар. 2 деңгейлі "Достық" ордені және "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети