Маңғыстау облысының әкімі чемпиондарды қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының әкімі чемпиондарды қабылдады

Маңғыстау облысы тарихында тұңғыш рет "Боранқұл" жайдарман тобы Қазақстанның жоғары лигасында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы тарихында тұңғыш рет "Боранқұл" жайдарман тобы Қазақстанның жоғары лигасында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін команда қатысушыларын Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Өңір басшысы бұл жеңіс тек команда үшін ғана емес, бүкіл облыс үшін маңызды жетістік екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастарға ұтымды әзіл мен сүбелі сөзбен халықтың көңілінен шығып, жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдірді.

Аталған топ 2012 жылдан бастап жайдарман сахнасында өнер көрсетіп келеді. Бұл жетістіктен бөлек, Маңғыстау облыстық ашық чемпионаты, Республикалық орталық лига, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі сайыстарында жеңіске жеткен болатын.

Жыл басында жоғары лигада үздік команда атағы үшін барлық аймақтардан келген 28 ұжым қатысып, олардың бесеуі ғана финалға жетті. Айта кетсек, бұған дейін аталған сайыста 2019 жылы "Боранқұл" құрамасы ІІ орын, Жаңаөзендік "Мұнай тамшылары" ІІІ орын, 2011 жылы "Барыстар" командасы ІІІ орын алған болатын.

Жиын соңында аймақ басшысы жайдарманшыларды Республикалық жайдарман сайыстарында жеткен жетістіктері мен жастар саясатына қосқан үлесі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети