Маңғыстау облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтудан бас тартты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының әкімі қанша жалақы алатынын айтудан бас тартты Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қанша жалақы алатынын айтпады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қанша жалақы алатынын айтпады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңір басшысы журналистер сұрағына жауап бере отырып, жалақысы басқа өңірлер әкімінің жалақысынан ерекшеленбейтінін айтты.

"Бұл сұрақ көпшілікті қызықтырады. Әріптестерімнің бәрі осы жерде қанша жалақы алатынын айтты. Менің жалақым да олардың жалақысымен сәйкес. Белгілі бір тариф кестесі бар, соған сәйкес жалақы аламын", - деді Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі орташа жалақыны айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 506.65  course up  593.07  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети