26 қараша 2019 19:42

Маңғыстау облысының экономикалық дамуы соңғы үш жылда 3,7 пайызға өсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы және атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді.


Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы және атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Маңғыстау облысының экономикалық дамуы соңғы үш жылда 3,7 пайызға өсіп, өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 2.4 триллион теңгеге теңесті. Бұл елімізде өндірілген өнімнің 10 пайызы (республикада Атыраудан кейін 2 орын). Облыс өнеркәсібінің 90 пайыздық үлесін тау-кен өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Ал мұнай өндіру көлемі 15 млн. тоннаға жуықтады.

Облыс әкімі келтірген деректерге сүйенсек, "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы іске қосылғалы бері облыста құны 87 миллирд теңге болатын 935 жоба жүзеге асқан. Ал биыл 4 миллиард теңгеге 170 жоба субсидияланған. Осы жұмыстар нәтижесінде 5000-ға жуық жаңа жұмыс орындары құрылып, 13 636 жұмыс орны сақталды.

Биыл жеке кәсібін жүргізуге ынталы азаматтарға 2,2 млрд. теңгеге шағын несие берілді. Жаңадан іске қосылған 279 жоба аясында 397 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал "Нұр Капитал" өңірлік бағдарламасы бойынша 2,2 млрд. теңгеге 113 жоба қаржыландырылып, 932 жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға төмендеді. Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде 30 мыңнан астам жұмыс орны бой түзеді.

Маңғыстау облысында басымдық берілген саланың бірі - туризм кластері. Осы бағытта қазір Ақтау қаласында түркиялық инвесторлардың (Сембол Контракшн) қатысуымен құны 57 млрд.теңге болатын 500 орынға арналған туристік қонақ үй кешенінің құрылысы жүруде. Нысанның 1-кезеңі 2020 жылдың соңында іске қосылады (600 жұмыс орны құрылады).

Қызмет көрсету саласындағы қажетті мамандар Түркиядағы қонақ үй кешендерінен қазірден бастап арнайы оқытудан өтіп жатыр. Нәтижесінде әлемдік талаптарға сай қызмет көрсететін мамандардың біліктілігі артады.

Басқосу барысында Маңғыстау облысының әкімі өңірдегі өзге де өзекті мәселелер жөнінде мағлұмат берді. Кәсіпкерлік өрісін кеңейту, өңдеу өнеркәсібін өрістету, қала келбетін көркейту, экологиялық ахуалды жақсарту секілді аса маңызды дүниелер сөз болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети