13 желтоқсан 2017 | 11:37

Маңғыстауда 500 орындық жатахқана ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстауда 500 орындық жатахқана ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстауда 500 орындық жатахқана ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстауда Тәуелсіздік күніне орай, Қарақия ауданы Құрық ауылында "саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына" арналған мемориалдық кешен ашылды. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласының "Туған жер" жобасы аясында салынған мемориалдың жалпы ауданы - 882 шаршы метр. Бұл жоба шеңберінде шағын аллея мен арнайы тағзым ететін орындар салынған. Ескерткіш Қазақстан халқына орны толмас қасірет пен қайғы әкелген саяси-қуғын сүргіннің 80 жыл толуына орай зұлматтың құрбандары мен зардап шеккендерді мәңгі еске алу мақсатында тұрғызылған.


"Өткен ғасырдың 1928-1931 жылдары Кеңес өкіметінің солақай саясатының кесірінен қазақ халқының өмір - салты, дәстүр - мәдени тұрмысы шұғыл түрде зорлықпен күштеп өзгертілді. Асыра сілтеу белсенділерінің озбырлығынан сол нәубеттің тұсында қазақ халқының 2 миллионнан астам боздақтары қырғынға ұшырап, 1,5 миллионы шет елдерге бас сауғалап кетуге мәжбүр болды. Сол бір зобалаң жылдары бастарын өлімге тігіп қазақтың қамын ойлаған қайраткер тұлғаларын бүгінгі осы жиында еске алып, олардың рухына тағзым ету біздің азаматтық парызымыз. Осындай тұлғаларымыздың арқасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл толып отыр.


Осы орайда аудан орталығы Құрық ауылындағы осы мемориалдық кешен 1931-32 жылдардағы аштық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған жерлестеріміздің рухына қойылған мәңгілік ескерткіш»,-деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.
Сондай-ақ, Құрық ауылында тағы бір нысан - 500 орындық жатақхана ел игілігіне берілді. Аудан тарихына рухани серпін берер жаңа кезекті жоба - Құрық ауылындағы жұмысшыларға арналып салынған. НКОК (Норт Каспиан Оперейтинг Компани) мекемесінің қаржыландыруымен бой көтерген жаңа жатақхана құрылысына 1 млрд 352 млн теңге жұмсалған. Жатақхана ғимараты 10 723 шаршы метр аумақты алып жатыр. 5 қабаттан тұратын ғимарат барлық қажетті жабдықтармен қамтылған.

Ашылуда сөз алған аймақ басшысы алдымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын айтып берді.

Қазіргі таңда Қарақия ауданында республикалық маңызы бар көптеген жобалар іске асырылған. Құрық паромдық кешенінің екінші кезеңі аяқталып, пайдалануға берілді. Жоспарланған көрсеткіштен асырып 1млн. 250 мың тонна жүк тасымалданып, келесі жылы бұл көрсеткіш одан 2 есе өседі деп жоспарланған.


Президенттің «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында индустриализация күні Шетпе-Жетібай-Ақтау автожолы пайдалануға берілген. Жалпы, осы жылы Қарақия ауданы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 2,5 млрд. соммаға 23 жобаны демеушілер тарапынан іске асырған.
Келесі жылы Құрық ауылындағы күніне 50 мың текшеметр шығаратын су зауыты, тазарту имаратының құрылыстары басталады. Әлеуметтік нысандар бойынша Жетібай ауылындағы 200 орындық балабақша, Сенек ауылындағы 150 орындық спорт кешені салынады.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов: "Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында: «Патриотизм - кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады деген болатын. Сол себепті облыста "Туған жер" бағдарламасы қарқынды іске асырылуда. Қазір уақытта кәсіпкерлер, тұрғындар туған ауылына барынша көмектесіп, көркейту жұмыстарына белсенді араласуда. Осындай игі шараға аудан тұрғындары да өз үлесін қосады деп сенемін. Қарақия ауданы халқы - өзінің берік достығымен, тату-бірлігімен күшті. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан осындай бай мұрамыз халқымыздың тірлігіне - қуат, өміріне - нәр беруде", -деді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети